Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
30.06.2021 13:22
60
0

                                                                                             Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ХІҮ ғасырдың соңы

        Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауи кесенесі XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Яссауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына соғылған. Кесене – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді. Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – түркі әлемінің рухани орталығы.

         Орта Азия мен Қазақстандағы біздің занамызыға дейін сақталған ең зәулім күмбезді, қыштан соғылған ғимарат. Оның көлдененеңі – 46,5 м, ұзындығы – 62,5 м. Сыртқы  көрінісі симметриялы жинақы келген бұл құрылысқа үлкенді-кішілі 35 залдар мен бөлмелер сыйып тұр. Олардың барлығы бір-бірімен қос қабатты 8 дәлізбен және әр түрлі өтпелі баспалдақтармен жалғасып жатады.

0 пікір