Сүйек жаңғырту
Сүйек жаңғырту
20.01.2021 14:26
150
0

   Халық салт-дәстүріне сәйкес «сүйек жаңғырту», «сүйек шатыс» деген мәселелер жиі кездеседі. Бұл да үйлену, құдалық жолына байланысты шыққан ғұрып. Бұрын құдандалы болып бірі мен бірі сыйласқан екі жақ, екі ру бұрынғы жекжаттықты қайта жалғастыратын болса, оны «сүйек жаңғырту» деп атаған. Яғни  бұл бұрынғы үзілген құдалық қайта жалғасқанын білдіреді. Жалпы қазақ рулары қыз беруді үнемі қадағалап,кей жағдайларда еске салып отырған. Қанаттас, қоныстас отырған екі елдің бұл тұтастығы мен бірлігі, әлеуметтік жағдайына да қатысты болған.

Дереккөз: С. Кенжеахметұлы  "Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары" кітабынан. 

 

0 пікір