Өсиет
Өсиет
16.01.2021 13:03
137
0

    «Үзіліп бара ма, жоқ арыз, өсиет айтамын деп әлсіреді ме, білу қиын» (М. Әуезов).  Белгілі бір адамның жасы жеткенде немесе жан тәсілім алдындағы кейінгі ұрпақтарына, туған-туыстарына айтып кететін ақыл, кеңесі, өтініші немесе соңғы тапсырмасы. Дәстүр бойынша кейінгі адамдар айтылған өсиетті бұлжытпай орындауға тиіс.

18 ғасырда өмір сүрген            батыр, жырау Ақтамберді өлерінде былай деп өсиет айтыпты:

«Балаларыма өсиет,

Қылмаңыздар кепиет.

Бірлігіңнен айрылма,

Бірлікте бар қасиет.

 Татулық болар береке,

Қылмасын жұрт келеке.

 Араз болсаң алты ауыз,

Еліңе кірген әреке...

Бар арманым айтайын –

Өлмедім оқтан қайтейін!...»

Өсиет Әз Тәукенің «Жеті жарғы» заңы баптары бойынша ағайындар мен молдалардың қатысуымен жасалып куәландырылады.

Дереккөз: С. Кенжеахметұлы "Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары" кітабынан. 

 

 

0 пікір