ШЫМКЕНТТЕГІ ЦИТАДЕЛЬ ШАҺАРДЫҢ 2200 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫНЫҢ АЙҒАҒЫ
ШЫМКЕНТТЕГІ ЦИТАДЕЛЬ ШАҺАРДЫҢ 2200 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫНЫҢ АЙҒАҒЫ
13.09.2021 17:33
11
0

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар Шымкент қаласында да жүйелі жүзеге асуда.  Солардың бірі көне қалашық.Цитадельшаһардың 2200 жылдықтарихыныңайғағы. Заманауи қалада баяғы сәулетпен бой көтергенЕскіқалашықтуристікбрендкеайналуытиіс. Себебі, бұлаймақкөнеҰлыжібекжолыкеруенініңтоғысқанжері. Талайсырдықойнынабасыпжатқанқалашықтыңорнынатұрғызылғанқамалдыңқұрылысықарқындыжүргізілуде. Қазіргітаңдамұндабұданбөлек, зерттеужұмыстарыжүргізіліпжатыр. Бүгінде Шымкенттіктердің сүйікті орталығына айналған орталық тұрғындарды несімен таңқалдыруда? Қала қонақтарының жадында қалған жәдігерлер қайсы?

Ботакөз Мамытбекова қалалық «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының қызметкері. Тәжірибелі маман мекемедегі балалар бөліміне жауапты. Бүгін көне шаһарды өз көзімен көрген ол өскелең ұрпаққа айтар өсиетім артты дейді. Қала тарихын тек кітаптан оқумен шектелмей, бір сәт өткенге саяхат жасағандай күй кешті.

Ботакөз  Мамытбекова,  «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының қызметкері:

 

 

Бір жылға жетер-жетпес уақыттың ішінде Ескі қалашықта адам сенгісіз өзгерістер орын алыпты. Бұрындары бір уақытта бірнеше жерде қазу жұмыстарына күш салып жатқан үш жасақ археолог бұл жердегі басты күш болса, енді тарихты зерттеушілерге реставраторлардың ойын жүзеге асыратын құрылысшылар да қосылды.
Ә.Марғұлан атындағы археология институтының директоры Бауыржан Байтанаев ескі қалашықтың жұмбағын шешумен студент кезінен айналысып келеді. Елімізге белгілі археологтың 2002-2003 жылдары қалашықта жүргізілген экспедицияны басқарғаны мәлім. Сол кезде Шымкенттің 2200 жылдық тарихы бар екені айғақталды. Соңынан экспедиция материалдары ғалымның докторлық диссертациясында көрініс тауып, Шымкенттің тарихы туралы жазған кітаптарының да негізгі мазмұнына айналды.

Шымкент – Қазақстандағы өзінің тарихи өзегін сақтап қалған жалғыз қала. Ескі қалашықта аспан асты музейін салу арқылы еліміздің тарихи мақтаныштарының біріне айналдыру туралы шешім қабылданғаннан кейін бұл жерде жұмыс қыз-қыз қайнай түсті. Археологтардың бірлесе күш салуының арқасында келешек көрнекі жердің сегіз мың шаршы метр аумағында аршу жұмыстары жүргізілуі керек-тін. Сол аралықта ХІХ ғасырдағы қалалық цитаделдің тарихи тұрпатын қалпына келтіру үшін реставраторлар да қосылды. Құжат қабырғалар мен мұнараны, қырғын кезіндегі және бақылау алаңшаларын, кіру есіктерін қайта қалпына келтіруге жол ашты.

Гүлмаржан Молдадос, Шымкент қаласының тұрғыны:

 

Бүгінде Цитадель отбасымызбен жиі келіп, демалатын сүйікті орнымызға айналуда. Мұнда мектеп жасындағы ұлдарымды жиіәкелуге тырысамын. Себебі, бұл жер тарихтан сыр шертеді. Әр бұйымның астарында үлкен тарих жатыр. 2025 жылға дейін Шымкентке баратын туристердің саны бір миллионға жуықтайды. Және Шымкент қаласының 2200 жылдығынан хабар беретін Цитадель қалашығы биыл құрылысы аяқталып, қала көркіне айналады. Бұл туралы салаға жауапты мамандар мәлімдеді. Үшінші мегаполисте арнайы жоспар түзіліп, 4 бағыт бойынша жұмыс атқарылады. Сондай-ақ ашық аспан астындағы мұражайдың құрылыс жұмысын жуық арада бітіріп, ішкі туризмді дамытуды мықтап қолға алу жоспарланған. Биыл Шымкент қаласының орталығында орналасқан Цитадельдегі жөндеу жұмыстары аяқталады деген жоспар бар. Бүгінде ауа райының қолайсыздығына байланысты қазба жұмыстары өкінішке орай, тоқтап тұр. Көлемі  гектарды алып жатқан Цитадель үш бөліктен тұрады. Жоғарғы жағында басқарушы тап өкілдері жайғасқан болса, одан кейін уәзірлер, төменгі жағында қарапайым халық өмір сүрген. Айта кетейік, бұл қалашық 2019 жылы ЮНЕСКО-ның ерекше тартымды туристік орталығы ретінде тіркелген. Шымкенттің 2200 жылдығының тарихын дәлелдейтін бірден-бір мекен – Цитадель қалашығы болып табылады. Осы мәліметтерді де ұрпақтрым біліп өссе деймін.

Әділет Үмбетаев, құрылысшы:

«Цитадель» қалашығында қорғанды бойлай қолөнершілердің туындылары мен шеберлік орындары орналасып, нағыз демалыс орны пайда болған.  Қорғанның ішінде көненің көзіне қызығатын барша жандар үшін ашық аспан астындағы музей орналасқан. Цитадель – ТМД-ның мәде­ни астанасын тамашалауға келе­тін туристер аялдап, тама­ша­лайтын бірегей нысан бол­мақ. Бүгінде кез келген елде көне қала аумағы қоршалып, туристерді қызықтыра алатын жағдай жаса­лын­ған. Мысалы, Бакудегі көне қала­шық­та гале­рея­лар жұмыс істесе, Рим Коли­зе­йін таныту үшін де біраз ша­руа атқарылған. Ал Шымкент – еліміздегі орта­ға­сыр­лық ци­та­­дель орны сақталған жал­ғыз қала. Тарихи қалашық болашақта туристер мен қала тұрғындарының қызықты орындарының біріне айналатынына сенімдімін..  Аталған нысанда археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген. Нәтиже де жоқ емес.  Жерасты қаласында археологтар көптеген тарихи жәдігерлер тапқан. Осы мамандардың еңбегі мені тәнті етті.

 

 Қазақ тарихында көне қалалардың бірі – Шымкент қаласының тарихы тереңде жатқандығына материалдық деректер айғақ бола алады. 2018 жылдың маусым айынан Қазақстан Рсепубликасының Тұңғыш Президентінің жарлығымен республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болған, екі мың жылдан аса тарихы бар Шымкент шаһарының тарихы өзекті тақырып. Шымкент атауының шығу тегі мен қаланың орналасу жағдайы туралы мәліметтер қай қайсымызды болсын қызықтырады.

ҚР-ның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен миллионды шаһарға айналып, республикалық дербес қала мәртебесін алған Шымкент бүгінде ажары айшықталып, экономикалық әлеуеті нығайып, келбеті күн санап көріктеніп келеді.

2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы атанған шаһардың тарихын білу, зерттеп-зерделеудің өзектілігі маңызды.

Жазбаша деректер мен археологиялық ескерткіштер ортағасырларда Оңтүстік Қазақстанда қалалық мәдениет болған. Испиджаб аумағының қалаларының инфрақұрылымы жоғары, пошталық байланыс, Шығыс және Батыс елдерімен сауда қарым-қатынастары дамыған. Испиджаб жерінде түркілер мен соғды тайпалары қоныстанған. Олар көшпелі және отырықшы мәдениеттің орны болып табылған. Бұған М.Қашқари жазбаларындағы: «Испиджаб тұрғындары түркі тілімен қатар соғды тілінде сөйлеген» деген жазбасы дәлел.

Өз кезегінде Испиджаб түрлі діни наным-сенімдердің, атап айтқанда,  ислам, зоорастризм, несториандық діндер тоғысқан ірі мегаполис болған.

 

             Шымкент қалашығы

 

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы болып табылған Шымкент қаласының тарихы мыңжылдықты қамтиды. Шаһардың көне тарихына тас дәуірі тұсында жасалынған археологиялық артефактілер дәлел бола алады.

Қола дәуірінде шаһардың тау етегі аймағына халық тығыз қоныстанды. Ғалымдардың айтуынша, олардың мәдениеті андронов мәдениеті деп аталынды. Бұлар өзендер жағалауларында қоныстанып, мал шаруашылығымен айналысты. Андроновтықтар астық егумен қатар, мүйізді малдар, түйе, қой, жылқы өсірумен шұғылданды. Метал балқыту ісі мен қола өңдеу жоғары дәрежеде дамыды.

Шымкент шаһарының мәдени өміріндегі келесі кезеңі көптеген қоныстар мен қорғандар қалдырған сақ тайпаларымен байланысты. Шымкент қаласы орнынан сақ тайпаларының қару-жарақтары табылған. Атап айтқанда, қазіргі қаланы салу құрылыстары кезінде табылған қоладан жасалынған акинак қанжар.

Шымкент территориясында және қалаға жақын маңайдан бірнеше қоныстар белгілі, бұл қоныстардың көбі жаңа құрылыс кезінде бұзылған, нақты айтқанда, бұрынғы автобекет аймағына қатысты. Басқа қоныстар ғалымдардың зерттеуінде және өткен күннің негізгі деректері ретінде мемлекет қорғауында.

Олардың ішінде Шымкент фосфор зауытына жақын маңда орналасқан Қаратөбе қонысы.

Ғалымдардың айтуынша, қазіргі Шымкент территориясында қаланың орташа өлшеміндей Хурлуг орналасқан деген пікір бар.  Бұған дәлел археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған суару керамикасы мен ХІ-ХІІ ғасырларға тиесілі мыс үккіштің табылуы. Шымкенттің бұрынғы атауы Нуджикент немесе Хурлуг деп аталуын көпшілік ғалымдар құптап отыр.  Шымкент тарихы туралы алғашқы деректердің бірі ретінде танылған Шараф ад-диннің «Зафар-наме» еңбегінде ХIV ғ. Қатысты Темірдің әскери жорықтарын баяндауда Шымкент шамамен Сайрам қаласы маңындағы мекен екенін айтып өтеді.

Х-ХІІ ғғ. Шымкентте  рабаттар немесе қолөнер сауда орындары  кеңейіп, Қошқар Ата өзені бойына созылды.

 

Шымкент қаласының қамалы

 

Түркістан өлкесінің зерттеушісі А.Добросмыслов 1912 жылғы өзінің «Сырдария облыстары» атты кітабында сауалнамалық мәліметтер мен этнографиялық зерттеулерге сүйене отырып,  Шымкент қаласы ХІІ ғасырда өмір сүрген деген тұжырым жасайды.

Қазіргі ғалымдардың зерттеуі мен археологиялық ашылулар нәтижесінде қала Х ғасырда Нуджикент деп танылған. Бұл жөнінде араб тарихшысы Ибн Хаукаль шығармасында 977 ж. Испиджаб-Сайрам қақпалары жайында айтқанда «Нуджакент қақпасы» деп те атап өтеді.

Ал аль-Макдисидің 985 ж. дерегінде   «Испиджаб округіндегі қалалар арасынан  «Хурлуг» және «дех Нуджикент» делінеді.

Ғалымдар Шымкент сөзінің шығу тарихын түрлі тарихи деректерде әрқалай айтады: бау-бақшалы қала», «жасыл қала», Шыммен қоршалған қала».

Шымкент түркінің «Шым» / «Чим» және иранның «Кент» (кенд, канд) – қала, мекен деген мағына беріледі.

Ал басқа түсіндірмеде қала атауы соғдылық (ирандық) «чиминь-чемень», яғни «шалғын», «гүлденген алқап» немесе «кент» сөздігін қосқанда – «жасыл қала» дегенге саяды.

Ресейдің этнограф-саяхатшысы Филипп Михаилович Назаров Қоқан хандығына барар жолда Шымкент қаласы туралы: «Қала биік жерде тұрғызылып, биік қабырғаның төбесіне қоршалған.  Бадам өзені жағынан  бір жылқы ізімен ғана қалаға кіруге мүмкіндік бар. Су қалаға қабырғада жасалған терезелер арқылы ағып жатыр, диірмендер салынған. Үйлер күйдірілген кірпіштен соғылған, қытай үйлеріне ұқсас терезелері жоқ.

Цитадель территориясындағы қазба жұмыстары нәтижесінде екі құрылыс қабаты ашылды: ХІХ және ХVII-XVIII ғғ.

 

Шымкент шаһары тарихына үңілгенде сол халықаралық сауда жолдарының негізгі тармақтары біздің өңір арқылы өткенін ескеру керек.

Шымкент қаласы Тянь-Шань тауының Сайрам шыңы мен Қазығұрт, Қаратау тауларының кіндігінде орналасқан. Ал ғылымда бұл аумақ ежелден адамзаттың ерте қоныстарының бірінен соң бірі табылып келе жатқан киелі мекендер қатарынан саналады. Бұл өлкенің тарихы ғылыми тұрғыдан кешенді зерттеу нысаны әлі бола қойған жоқ. Ғылымның дамуына біршама көңіл бөлінген ХІХ-XX ғғ. саяси билік өзіне керекті мәселелер төңірегінде ғана сөз қозғап, халықтың осы аумаққа байланысты тарихи жадын өшіру үшін ескілікті тарихи санамен сабақтастырар фольклорлық материалдар мен сирек болса да қолда бар жазба деректерді көзден тасалау ұстаған.

Халықтың тарихи жады сақталған фольклоры мен жазба деректерде аталған аумақ туралы деректер баршылық. Мысалы, Шымкент тарихын көне Сайрам, Самарқан, Бұқара, Отырар, Яссы сияқты ірі қалалардан бөліп қарай алмаймыз. Олардың гүлденуі жоғарыда айтылған халықаралық сауда жолдарымен тығыз байланысты болған. Халық жадында сақталған Нұқ пайғамбардан соңғы адамзаттық өркениеттің алғашқы ошағы осы Қазығұрт аумағынан таралғаны туралы аңыздардың ұлттық рухты көтеруде халқымызға бергені мол болған және берері де аз емес. Өйткені, Сайрам қаласын Нұқ пайғамбардан кейінгі алғашқы қала ретінде танитын халық аңыздары мен «Авеста» сияқты кітаптарда осы өлкенің ескерілуін тегін дүние деп қарай алмаймыз. Міне, осы тұрғыдан алғанда ЮНЕСКО шеңберінде өзінің 2000 жылдығын атап өткен Самарқан қаласының кірпіштері мен керамикаларымен ұқсас археологиялық айғақ заттарға сүйеніп, Шымкенттің жасының жиырма ғасырдан асатынын айтқан археологтар, т.ғ.д., профессорлары К.Байпақов пен Б.Байтанаевтардың зерттеулері әлемдік ғалымдардың қолдауына ие болып отыр.

 

Самарқан бір кездері Афрасиаб, Семізкенд сияқты атаулармен белгілі болса, Шымкенттің атауы да өзінің осы атауын иемденгенге дейін бірнеше өзге атаулармен, мысалы Нуджикент деп ғалымдар атап жүргендей немесе тіпті Сайрам өлкесінде орналасқандықтан сол қаланың тарихи атауларының біріне ие болып жүруі де мүмкін ғой. Ал оны анықтау үшін кешенді ғылыми зерттеулер керек. Қытай деректері мен шығыстық жазбаларды ақтаратын өлкетанушы мамандар керек. Басқасын айтпағанда, кешегі орыс отарлаушылары бұл қаланың атын генерал Черняев құрметіне өзгертіп, тек Сұлтанбек Қожановтың ұсынысымен 1921 жылы Черняев аты өшіріліп, Шымкент қаласы өз атын қайта иемденгенін де көпшілік біле бермейді. Белгілісі, жазба деректерде қаланың аты тұңғыш рет 1425 жылы аталады. Шараф ад-Дин Али-Йаздидің «Зафар-наме» атты кітабында Ақсақ Темір 1366 жылы Ташкенттен Сайрамға барар жолда өзінің жүк тиелген арбаларын Шымкент елдімекенінен тапқаны жөніндегі жазбаларына сүйеніп қала тарихын бастаудың өзі де қосымша зерттеуді қажет етеді. Өйткені, орыс деректерінде Шымкент қаласының аты Чимин түрінде кездесетінін айтып келе жатқан өлкетанушылар да бар [6].

Шымкент – республикадағы маңызы бар ең көне қалалардың бірі. Қала маңынан неолит дәуірі, қола дәуіріне қатысты б.э.д. 2 мың жыл бұрынғы бұйымдар табылған. Қала Бадам және Қошқарата өзендерінің сағасында орналасқан. Қаланың орналасу жағдайы өмір сүруге қолайлы жағдай туғызады: тау бөктеріндегі аймақта, өзен суларымен қоршалған, егін және мал шаруашылығы дамыған, жүзім шаруашылығы жолға қойылған. Жол керуендері  Оңтүстік Қазақстанды Орта Азия, Орта және Таяу шығыс елдеріме, Түркістан, Қытай елдерімен, ұлы даланың көшпенділерімен байланыстырып отырды.

 

 

                   «Ескі» қала    

Шымкент қалашығының мәдени қабаттарының қуаты 14 метрді құрады. Онда Ұлы Жібек жолы  бойынан транзиттік сауда қатынастарындағы керамика және басқа да материалдардан жасалынған заттар табылған. Қала маңынан неолит дәуіріне қатысты бұйымдар мен қола дәуірінің ыдыстарының қалдықтары табылды.

Ежелгі Шымкент қалашығы өзінің тарихи ядросын, яғни қамалын сақтаған. Қамал қазіргі Шымкент қаласының оңтүстік бөлігінде жоғарғы төбеде орналасқан.  Солтүстік жақтан Қошқар Ата өзені белесі қоршалған.

Өзеннің суы мөлдір таза, қысы да, жазы да температурасы 11 градусты көрсетеді. Қошқар Ата өзеніне шомылған адам Шымкент қаласының байырғы тұрғындары ата-бабаларынан естіген аңызға сүйенсек, әулие Қошқар Ата ақсақал өмір сүріпті.  Өзеннің жоғарғы бөктерінен бірнеше шақырым жерде ақсақалдың қабірі жатыр.

ХІІІ ғасырдың басында Шымкент территориясы Хорезмшах мемлекеті құрамында еді.

ХІV ғасырдың орта шенінде Шымкент Чемегень (немесе Чимин) деген атаумен Сайрам қонысының маңайында белгілі болған.

ХV ғасырдың бас кезінде Шымкент ойрат тайпаларының шапқыншылығына ұшырайды.

ХVІ ғ. бастап қала Ташкент билеушісінің, ал бірде Қазақ хандығының қолына өтіп отырған. Ол кездегі Шымкент туралы жазбаша мәліметтер жоқтың қасы. Қала VIII ғасырдан ұлғая бастаған. Исфиджаб (Сайрам) қаласының қолындағы әкімшілік міндеттер бірте-бірте Шымкентке өте бастады.

1735 жылғы орыс жазбасында Шымкент ұлы жүз хандарына қарасты қала ретінде келтіріледі. ХVІ ғасырда Шымкент қазақ ханы Қасымның билігіне көшеді. Одан кейін Ташкент әміршісі Баба-Султанның, кейіннен Бұхар ханы Абуаллах үстемдік етті.

Шымкент 1597-98 жж. Тәуекел хан тұсында Қазақ хандығы билігінде болды.

1681-85 жж. қала талқандалып, Сайрам және оның қамалдары қоршауға алынды. 1720 жылы Шымкентті жоңғарлар шабуыл жасады.

XVIII ғ. 90 жылдары ташкенттік бек Жүніс Қожа Шымкентті қол астына алды.

1810-1864 жж. Қоқан иелігіне көшті.

Жергілікті қала халқы бірнеше рет қоқандықтардың үстемдігінен азат болуға талпыныс жасады. Әсіресе, ең ірі көтеріліс 1821 жылы орын алды. 12 мыңға жуық адамнан құралған көтеріліске Түркістан, Шымкент, Сайрам, Әулие Ата қазақтары қатысты. Бірақ көтеріліс басып-жанышталды.

1858 жылы Оңтүстік Қазақстанда 20 мыңнан астам халық қатысқан көтеріліс болды. Осы жылдың аяғында көтеріліс нәтижесіз аяқталды.

XVIII-ХІХ ғғ. (1800-1809 жж.) Қоқан ханы Әлім Оңтүстік Қазақстан территориясына әскери лагерь құрды.

Тек 1850 жылы ғана қазақтар қоқан әскерін ашық даладан ысырып тастады. Бірақ, Шымкентке бекінген жауды ала алмады. Бекініс мықты болатын.

Оңтүстік өңірі ол заманда бай еді. Жылына қоқандықтар 80 мың күміс ақшаны салық ретінде жинап отыратын. Бұған қоса әр рудан жылына 8-10 мың қой алып келген.

1864 жылдың 22 шілдесінде Шымкентке алғаш рет орыс әскері келді. Орыс әскері қоқан әскеріне қарсы соғысты. Жергілікті қазақ рулары орыс халқымен бірге жауға қарсы шықты. Алғашқы шабуыл сәтсіз ақталды. Содан кейін күзде 19 қыркүйекте қайта шабуыл жасалды. Орыс әскері зеңбірекпен оқ жаудырды. Бұл кезде қоқан әскері де қарсы беттен траншея қазып, өз зеңбіректерін орнатқан еді. Олар да қарсы оқ жаудырды. Соғыс ұзаққа бармады. Орыс әскері Шымкентке басып кірді. Орыс әскерінің Шымкентті алуы әлемде үлкен резонанс тудырды. Еуропа қалалары мұны қызу талқылап жатты. Себебі Шымкент – бүкіл Орта Азияға жол бастайтын қақпа еді [7, 23-32-бб.].

Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қаланың тарихы тереңде. Дегенмен де, көне шаһардың тарихы жөніндегі нақты деректер мен археологиялық қазба жәдігерлерді жинақтап, саралап, әлі де зерделеп, елiмiздiң өркениеттi мемлекеттердiң iзбасары екенiн дәлелдеу жолында атқарылар жұмыстар жетерлік.

 

Мұнда өткен ғасырдың 50-жылдарынан бастап қазба жұмыстары жүргізілген. Ал екі мыңыншы жылдардың басында бұл жерге археологтардың қызығушылығы артып, қазба жұмыстарының ауқымы өсті. Қазба жұмыстары археологтарға Шымкенттің кем дегенде 2200 жылдық тарихы бар деп айтуға негіз берді. Алаңдағы мәдени қабаттардың қалыңдығы жалпы 14 метрді құрады, ал ең төменгі қабатта археологтар біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырдың соңы мен II ғасырдың басына жататын қыш сынықтарын тапты. Бұл Қаңлы дәуірі - сақтардың ұрпақтары. Қаңлы мемлекетінің орталығы Орталық Сырдарияда болған. Сонымен, археологтар қаланың қалыптасу уақытын б.з.д II ғасыр деп анықтады және сәйкесінше Шымкенттің жасы 2200 жылды құрайды.

"Мұнда қайта құру кезінде, бұл нысанның ежелгі замандарда пайда болған және типологиялық тұрғыдан плата тәрізді археологиялық орындарға сілтеме жасайтын қабаттар табылған. Бұл 2000 жыл бұрын осы жерде қоныс болғанын дәлелдейді. Осы елдімекеннің төменгі қабаттарын қазу кезінде қалың қабырғалары бар діни нысанның үлкен залы табылды. Ал оған жақын жерде сүйек қорымы, 30-ға жуық сүйек бар хумдар табылған. II ғасырда бұл аймақта түсініксіз оқиғалар орын алды, нәтижесінде адамдар сүйектердің көп бөлігін алып, қаладан көшіп кетті. Қала тұрғындары кетер алдында нысандардың барлық кіреберістерін балшық кірпішпен жауып кетті. Бұл Қараханидтер дәуірінде болған. Содан кейін мұнда Тимуридтер келіп, өз құрылыстарын тұрғызды. ХІХ ғасырда қоқандықтар бекіністі басып алғаннан кейін, алаңы бар төбе цитадель ретінде қолданылды. Патша генералы Черняев әскерлері 1864 жылы цитадельді алғаннан кейін төбе бақылау алаңына айналды. Тарихы терең көне қамалдың құрылысы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатыр. Дәл осы жерде 2003-2004 жылдары археологтар зерттеу жүргізіп, құнды жәдігерлер табылған болатын. Мамандар көне  бұйымдарды  Париждегі зерттеу орталығына жіберген. Соның нәтижесінде шаһардың 2200 жылдығы дәлелденген болатын.

 

0 пікір