Сенен сездім Бақытымның бастауын
Сенен сездім Бақытымның бастауын
21.08.2020 14:22
372
0

Шарпып келген әлемді алып аралап
Кетер емес дүршіктіріп жағалап
Аямайды бұл індетің ешкімді
Біздер қалдық ойға кетіп алаңдап 

Не көрмеді бұл қазағым адамзат
Ащы індет қояр емес жағаңды ап
Не болса да қорған болар Иманың
Сабыр етсең Бір Құдайым саған жақ 

Тынып жатыр барша ғалам таралып
Құрып жатыр жаныңды алып жара алып
Тек Мейірім жетпейді ау біздерге
Тамшылатса сауығары ап анық 

Көтерейік бұл Алланың сынағын
Өтер кетер түнек болған мына күн
Жеттік біраз қадіріне күндердің
Жазбасын Алла жазбасын елдің құлауын

  ******************************

Байлық қуып мұрныңды шүйредің бе
Күнә арқалап бірге алып сүйредің бе
Тұрған жоқпын көріп сені кешегідей
Тұрған жоқпын жылы көзбен күйде мүлде
 
Өзгеден қойма өзіңді сен жоғары
Түсер сынақ тас болып саған қараңғы
Кісі болып кімге болсын кір шалсаң
Оларда әлі саған күйе жағады
 
Кек алып жараларды қасыма
Шайтанның сыбырына қосылма
Таза адамға күйені жаға алмайды
Алла берген берекеңді қашырма
 
Биік шыңға жеттім деп әрі тасыма
Соз қолыңды бауырыңа досыңа
Байлыққа құныққан аштан өлер
Не түсерін білмейсің сен басыңа
 
ТАБИҒАТЫМ

Табиғатым-неткен тәтті барша дәмің,
Жарасқан сыбдырыңа тамсанамын.
Төрт мезгілің жұмбағымен келерінде
Құшақ жайып өзіме қарсы аламын.
 
Құстарың бар қиқу салар аспаныңда,
Жайнатып тұр даланы бақтарыңда
Есілетіп соғады самал желің
Неткен пәксің жауың жоқ жас жағыңда
 
Тауларың бар бауларың бар көрінетін алыстан
Қыраның бар ерекше бір жар ұшқан
Айналайын табиғатым тал бесігім
Көрінеді ғажайыбың әр тұстан
 
Толқының бар шайып өтер жырақ үнмен
Ақындар бар жырлаған жыр әнімен
Тамсандырып қоюдан шаршамағын
Жақындай бер бәрімізге шырағыңмен
Сіркіреген жауының бар тағы да
Оған қарап қуат алам жаныма
Сұлулықпен күш бересің бәріне
Жарып өтші бас тағы да тағы да
 
Әне тұр шуағымен көк аспан
Біздер бармыз ғажабыңа таласқан
Құлпыра бер сен осылай табиғатым
Бәрі өзіңе құйылып бір жарасқан
 
Аласың қарттан аласың өмір парағын
Көрген солар көрген талай сынағын
Ақыл кенін арқалаған біздерге
Алладан кейін шашатын солар шуағын
 
Қарт дегенің асқар таулы бағалы
Жас баладай жәутеңдеген жанары
Ниеті пәк кең пейілді қарттарм
Нық ұстаған сыйластық ты араны
 
Не көрсе де бөлінбеген ұлтынан
Не көрсе де бөлінбеген жұртынан
Әжім басып отыр енді марқайып
Біздер үшін кеше олар ұмтылған
 
Біздер үшін талай құлап көгерген
Шаңырақты берекеге бөлеген
Қарт дегенің қазына ол қазына
Жарық шашып нәр беретін төбеңнен
 
********************************

Кейіпкерім ғашық дерттің өрнегі
Бір өзіңсің айдай ару ерекше бір елдегі
Орын алдың жүрегімнің төрінен
Сенің күлкің жаныма бір ем берді      
                                                                                      
Сені сүйдім көзінді де жүзіңді де тәрбиеңді
Сенің көркің бойыма бір қуат пенен әл берді
Сеніменен бірге болсам арман жоқ
Шашшы маған аппақ еркем Сәулеңді ...
Жалғызымсың жүрегімнің серігі де
Жылайды ол көрмесе сені мүлде
Жарығысың сол жүректің алауы да
Бақыт сыйлап шуақ төктің өміріме
 
Жанарыма қалқатай сыр ұқтырған
Сенен көргем махаббаты тұнып тұрған
Елігімсің еркелеген көркемім
Көз алдымда бейнең тұр күліп тұрған
 
Болашағым өмірім жүрек жарты маралым
Сенен көрдім таңды нұрдай самалын
Сенен сездім бақытымның бастауын
Неге неге түсінбейсің қарағым
 
Сеніменен болсам менің болмас артық арманым
Үмітпенен сеніменен атқандай әрбір ыстық таңдарым
Ораласың сезеді оны жүрегім
Алла деп жүрмін сен деп жүрмін ардағым
 
Аппақ еркем Ақеркем балапаным
О бастан ақ сезгенмін-
Сені маған Алланың жаратарын
Әлі талай күндер болар сынақпенен
Қара да тұр өзіме қаратамын.
 
Гүлмира Болатбекқызы Дербишева, Жас ақын

0 пікір