Қытайлықтар этикетті үйреніп жатыр
Қытайлықтар этикетті үйреніп жатыр
31.10.2017 00:11
863
0

  Қоғамдық орындарда өзін қалай болса солай ұстау, дұрыс отырып тамақтанбау, шынтақты үстелге қою. Мұның барлығы бүгінде Қытайда қалыпты жағдайға айналған. Бұған 1960 жылдардағы дәстүрлі мәдениетті бұзуға бағытталған түрлі науқандар әсер еткен. Енді австриялық «Этикет ханшайымы» аталып кеткен 90 жастағы Джун Далли-Уоткинс ханым қытайлықтарға өзін-өзі ұстаудың қыр-сырларын үйретпек. Оның арнайы курсына 30-ға жуық адам қатысып жатыр. Джун Далли-Уоткинс, «Этикет ханшайымы»: – Кейбір кезде жедел сатыны күтіп тұрғандар ішіндегі адамдар шықпай жатып, өздері кіре бастайды. Тамақтанғанда шанышқы мен қасықты да дұрыс ұстамайтындар бар. Дегенмен қазір өзгерістерді байқап жатырмын. Ван Лицзюань, курсқа қатысушы: – Мен соңғы кездері үлкендер қалыптастырған мұндай дүниелерден жастардың көп нәрсені жоғалтып алып жатқанын көріп жүрмін. Сол себепті мәдениетті болуды қалыптастырып, болашақ ұрпаққа соны үйретуіміз керек.

 24.kz

0 пікір