«Арыс жағасында» ретро фестивалі
«Арыс жағасында» ретро фестивалі
21.10.2017 11:27
605
0

 «Арыс жағасында»... Биыл 8-ші мәрте ұйымдастырылған ретро фестиваль Шымкенттегі «Шәмші әлемі» гүлзарында болып өтті. Бәсі жоғары байқау алғаш рет 2010 жылы 15-ші тамыз күні ән падишаһы Шәмші Қалдаяқовтың 80 жылдық мерейтойынан бастау алған болатын.
 Ретро фестиваль басталардан бұрын өңір басшысы Жансейіт Түймебаев Қазақстанның халық әртісі, белгілі сазгер Шәмші Қалдаяқовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ, қазақ өнерінің сақа саңлақтары Лесбек Аманов пен Ержан Серікбаевтың ескерткіш тақталары да гүлмен көмкерілді. Мәдениеттің мәйегіне айналған оңтүстікте мұндай шаралар көптеп ұйымдастырылып жүр. Бірақ, бүгінгі концерттің мәні бөлек. Маңызы жоғары.
 Дəстүрлі фестиваль композиторлар Тұрдықылыш Ізтай, Мұхтар Құралов, Құралай Сәтмұханбетова, Лесбек Аманов пен Ержан Серікбаевтың әндеріне арналған хореографиялық композициямен шымылдық түрді.
 Шымкент аспанын әуелеген әнге бөлеген шарада қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары өнер көрсетті. Күміскөмей әншілердің қатарында Ержан Серікбаевтің ұлы Бейбарыс Серікбаев та бар. Әке жолын қуған жас әнші «Неткен өмір» әнін орындады.

 shymkenttv.kz

0 пікір