Бас ауруын дәрісіз қойдырудың ең тиімді тәсілдері
Бас ауруын дәрісіз қойдырудың ең тиімді тәсілдері
16.09.2017 18:42
455
0

 Басымыз ауырса, анальгин, парацетамолға жармасамыз. Алайда олар химикат болған соң қалай десек те ағзамызға зиянын тигізбей қоймайды. Ендеше, басыңыздың ауырғанын қойдырудың ең тиімді, табиғи жолдарын біле жүріңіз:
 Ең алдымен кәдімгі қара шайға немесе көк шайға бал қосып жылыдай ішіңіз. Аз уақыт тынығыңыз. Сәлден соң басыңыздың қойғанын сезінесіз.
 Сондай-ақ, мына шайлар жақсы көмектеседі:
- бұрыш жалбызы шайы (перечная мята)
- жөке гүлі шайы (липовый цвет)
- жаужапырақ шайы (мелисса)
- гүлшетен шайы (розмарин) – бұлардың барлығын кәдімгі шай секілді демдеп, ішкен жөн.
 Шайқурай шөбі тұнбасы (зверобой)
1 ас қасық шайқурайға 1 стақан қайнаған су құйып, 5 минут баяу отта қайнатады. Сүзіп, күніне үш рет 1 стақанды үш бөліп ішеді.
 Қалақай тұнбасы (крапива)
1 ас қасық қалақайға 1 стақан қайнгаған су құйып, бетін жауып, 2 сағаттан соң күніне 3 реттен 1 ас қасықтан бал қосып ішеді.

0 пікір