Бала көп терлесе...
Бала көп терлесе...
16.11.2020 11:36
1353
0

  Балалар арасындағы кездесетін тағы бір мәселе тершеңдік. Бала не себепті көп терлейді? Мұның денсаулығына әсері бар ма? Бұл тұрғыда педиатр-дәрігер, реабилитолог Мадина Болатқызы не дейді?

  Бала организмінің өзіндік ерекшеліктері бар. Сол ерекшеліктердің бірі – балалардағы тер бездері: бас және мойын аймақтарында көптеп орналасқан. Сондықтан да жиі қатты терлейтін осы аймақтар.⠀Терлеу – ол қалыпты. Тер бөлу – термореттеудің табиғи тәсілі. Терінің бөлініп, булануы әсерінен организм температураны қалыпқа келтіреді. 

  Көбінесе 1 жасқа дейінгі балаларда жиі тамақтану (белсенді омырау ему кезінде) және ұйқы кезінде. 1 жастан асқан балалар ұйқы және белсенді ойындар кезінде терлейді.Ему және белсенді ойындар – бұл маңызды физикалық жүктеме. Физикалық белсенділік кезіндегі терлеу түсінікті.

  Ал ұйқы кезіндегі терлеу ше? Неге көп балалар ұйқы кезінде терлейді?

  Негізгі себептері:

  Баладағы терең ұйқы. Балалар да, үлкендер сияқты терең ұйқы фазасында жиі терлейді. Ұйқы фазалары кезектеседі, бірақ балаларда үлкендерге қарағанда терең ұйқы фазасы ұзағырақ. Нәресте ұйықтағандағы бөлме жағдайлары (бөлмеде ыстық, құрғақ ауа, көрпе және киінген киімі өте қалың). Осындай жағдайларда бала денесі қызады да, қатты терлейді.

  Кей жағдайларда жоғары тершеңдік болуы мүмкін: Тұқымқуалаушылық (әкесі немесе анасы гипергидрозға бейім болуы мүмкін). Жеке бас ерекшелігі (әр адам әртүрлі; біреу көбірек, біреу азырақ терлейді) Кей жағдайларда жоғары тершеңдік балалардағы рахиттың немесе басқа да патологиялардың белгісі болуы мүмкін. Бірақ ол негізгі клиникалық симптом болып табылмайды, яғни тершеңдіктен басқа да патологияның айқын белгілері болады.

Егер бала қалыпты дамып, белсенді, көңіл-күйі жақсы және басқа патологиялық айқын белгілер болмаса, жоғары тершеңдік қалыпты жағдай.

 

 

 

dabyl.kz

 

0 пікір