Мысық -Музик пен ит-Тузик
Мысық -Музик пен ит-Тузик
12.07.2021 15:48
59
0

 

 

Бір мырзаның үйінде,

Мысық-Музик

Ит Тузикпен дос болды.

Ымы-жымы бір

Көңілдері хош болды.

Біресе етке тиеді.

Біресе сүтке тиеді.

Осы үйде Мысық-Музик,

Король!

Бірде мысық

Көзін қысып

Итке «Мияу» деді.

Бұл-пароль!

Үйдегілер «ояу» дегені.

Пырылдаса,

Мияу демей қырылдаса,

Мырзалар «ұйқыда» дегені.

Осы кезде Тузик,

Кермедегі етті ала қашады.

Гриль, қаймақты,

Есепсіз-ақ «жайратты».

Ит болсада.

Тузиктің өмірі,

Құл базардағы Құлбайдан

Көп ілгері!

Тузик ұрлап қазы жесе,

Құлбай қара көже ішеді.

Тузик гриль жесе,

Құлбай шайға жібітіп,

Қатқан нан жейді.

Мырза мұны білмейді.

Бәрі жетіп тұрғансоң,

Білгісі де келмейді.

Болғаны:

Жаюлы етке қарап тұрып,

Бес жасар бие соймаса

Тайдың еті,

Жұқ болмайды екен!-дейді.

Бұл мысалға

Оқырмандар не дейді?

 

Ералхан Жылқыайдарұлы

0 пікір