Мақтаудың машақаты
Мақтаудың машақаты
12.07.2021 16:37
39
0

Бір танысым 70-жылдық мерейтойын өткізбек болды да сондағы айтатын құттықтау сөздеріме дайындала бастадым. Өзі елге белгілі азамат. Атақ-даңқын тізбелемей-ақ қояйын. Атақ деген құжатпен бекітілетін марапат, оның несіне тоқталамын деп ойладым. Қайсы бір мерейтойларда бұрын да мақтау-мапаздау деген сөздерді айтып жүргенмін ғой. Бірақ осы мақтауым соларға ұқсамаса екен деп тіледім. Былай бастадым:

   Сәкең, өнерде орны бар тұлға. Қарапайым азамат. Еңбексүйгіш. Бауырмал. Жастарға өнегелі... бізде шығармашылық адамдары  алғашқы жазғанын әйелдеріне оқып беретін әдеті бар. Сондықтан алғашқы сыншымыз әйелдеріміз деп отырады. Кейін ағаң былай деген еді деп жеңгелеріміздің еске алуы осыдан болса керек.

     Менде Сәкең туралы мақтауымды әйеліме оқып беріп, қалай деп ем, ас үйде жүрген Сәуле:

-         Әй, бұл сөздерді Мәкеңнің 60-жылдығында айтып қойғансың деп шап ете түсті.

-         Былай болса ше?

-         Қалай?

-         Момын.  Салмақты. Көреген десем...

-         Оны Жәкеңнің 65-жылдығында айтқансың!

-         Сыр мінез, сыпайы десем ше?

-         Тәкеңнің тойында айтқансың.

Айтайын деген сөздерімді ойласам, расында сөздік қорымда мақтаулардан дым қалмапты. Былай да орын ауыстырдым: Сырбаз, сыралғы дегеннің орнына «зиялы» дегенді қостым.

    Бауырмал дегенді алып тастап,  орнына турашыл дегенді жаздым.

-         Енді қалай?-деп едім.

-         Бәрібір ұнамайды деді.

-         Несі ұнамайды?

Бәріде жаттанды құрғақ сөз! Сен былай етсе-ей деді ол.

-         Мақтауларың әлі ешкім естімеген, кісіні селт еткізер мазмұнда болсын.

-         Басқа стильде мақта дейсің ғой ә?

-         Ия, деді әйелім.

Стиль десе құлағын түріп отыратын ағайындардың бар екенін білемін. Сондықтан мақтауларын өзіндік қолдаңбасы болса екен деп іздендім. Таптым да! Ағамыз «ақкөңіл» деген сөзді келте қайырмай, Мәкең бала сияқты. Не айтып, нені меңзегені сонау ішкі сарайынан көрініп тұрады, сыр жасырмайды деп ұзағынан қайырдым.

   Ал «салмақты» деген мақтауымды мінезі ауыр. Кесіп-пішіп бір-ақ айтады. Әр нәрсеге байыппен қарайды деп құйқылжыттым. Қысқасы әр сөзімді сөйлемге айналдырып барып мақтадым. Осыны әйелім Сәулеге оқып беріп ем:

-         Құттықтаймын! Табылған мақтау деп қуана кетті. Қояр емеспін.

-         Ұялмаймын ба?

-         Ұялмайсың!

-         Өзге мақтауларға ұқсамай ма?

-         Ұқсамайды.

Басқа емес әйелімнің оң бағасын алған соң Абекеңнің Дәкеңнің мерейтойларында керек болар деп «Дарабоз», «Қарапайым», «Жаны жұмсақ» деген мақтауларымды альфавитке бөліп үйіп тастадым. Қиналмаймын. Шақырса мерейтой иесінің атын атаймын да жазған мақтауларымды судыратып айтып беремін.

 

 

Ералхан Жылқыайдарұлы

 

0 пікір