БАЙ КӨРШІ
БАЙ КӨРШІ
12.07.2021 16:27
40
0

Өмірде не болмайды?  Бәрі де болады.

Қалада бір азаматпен көрші тұрамын. Алғашқыда мән бермесем де қымбат көлік, келісті үйіне қарап, бір мекемеде басшы қызметте екенін кейін білдім.

Тәжірибемнен бақуатты кісінің жағдайы тұрмысы нашар адамның үйіне кіре бермейтінін жақсы білемін. Бұлай боларын кім білген. Түскі асқа макарон  пісіріп, шай ішіп отырғанбыз. Үйге қеле қалған бақуаттыкөршім:

--Аға, шеге суырғыш бар ма? деп кіріп келді. Келуін келсе де, отыруға ықылассыз. Асығыс екені көрініп тұрды. Тездетіп, қолға іліккен газетпен дастархан бетін жауып, іздеп жүріп, шеге суырғышты тауып бердім. Шайыма қайта отыра берген едім, әлгі көршімүйге қайта кіріп:

-- Жәке,қол араңыз бар ма? деп қайта қолқа салды.-- Үйге әкелуін әкелесің,бірақ құрал сайман шақ келмейтін болды, деп қосып қойды. Қулығы кеңірдегіне дейін толған басшыға не дейсің? Түріне қарасам, нағыз мүсәпірдің  өзі. Монтиып-ақ тұр.

--Ара дейсің бе? Мә ара. Бірақ өтпес болып қалған.

--Қайратып аламын, деді

Тістерін бармағымен басып көрді де қуанған кейіп танытты. Кейін арамды әкеліп берді. Аңғарғаным, бұл арамен ештеңе араланбаған екен. Тот басқан арам сол бойы шаң-тозаң қалпында әкелінді. Сөйтсем, көршім:«Бұларға да жетпейді екен деп ойласын. Әрі өзін өзі жұбатып, көршілерімен араласып  тұрады екен» деп айтсын» деп әдейі істейді екен. Мен қайдан білейін? Осындайға желеу болған нәлеті араны, балға күректерді оңай жерге қойдым.

Неге дейсіз бе? Көршім тағы сұрап келгенде, тез тауып беріп, құтылу үшін. Осы оқидан кейін мен де қулыққа көштім. Дастарханымызда не жоқ дейсіз? Жұмыртқаның қабығы, мүжілген сүйек, құрығыр, әлгі шұжықтың қалдығы мен, қаймақтың бос құтысына дейін үйіп қойдым. Ойым бұлар да ішіп, жемі жақсы  екен деп айтып жүрсін деген ғой.

Бірақ көршімнің ақ сазандай әйелі әңгімесін ойланбай айтып, мұқтажсыз адамның қалпын көрсетіп қоятын. Бірде сол ақ сазандай келіншек үйге кіріп келді де:

--диета ұстап, шұжық пен қуырылған  жұмыртқа жеп жүр едім. Бұл қазы-қарта жеуден жеңілдеу екен, солай емес пе? деп алтын тістерін жарқыраты күлді.

Әйелім екеуміз:

--Дұрыс айтасыз, бізге де не істерімізді білмей жүрміз, қалған тамақты , кім жейді? деп, дастархандағы әлгі үйіп қойған қалдықтарға қарап қойдық.

Мұңсыз адамда  ауйым-қайғы болады ма, ақ сазандай келіншек ойланбастан:

--«Отравиться» ету оп-оңай, Мен ғой, қалған асты «тузикке» беремін. Сіздер де сөйтіңіздер, деп ақылгөйсіді. Біз әйеліміз екеуміз бір бірімізге қарадық.

Бірде  кешкі асқа пияз қуырып, суға қайнатылған картоп жеп отырғанбыз. Баймен көрші болғаны құрысын. Сыр бермей, қашанғы шыдар екенбіз?

Ералхан ЖЫЛҚАЙДАРҰЛЫ.

 

0 пікір