Дүниені не бұзады, адамды не аздырады , күнә неден болады?
Дүниені не бұзады, адамды не аздырады , күнә неден болады?
25.11.2020 16:46
438
0

  Талапты жастар үлкендерден, қариялардан өнер – білім үйренуді өздеріне міндет, мұрат тұтқан , жақсының атын ерттеп ,қасына еріп үлгі – өнеге алуды ар – намыс санамаған.Сонысын үлгі алып ,ұстаз тұтқан , адамына әрқашан келіп сәлем беріп , ақыл – кеңес сұрап , құрметтеп тұруды да ұмытпаған.

  Мұнын өзі жастарға оқу ілімі болмаса да сана ілімін үйрететін ерекше мектеп болған.Мәселен ,Қазыбектің әкесі Келдібек те, үлкен әкесі Шаншар да ақылдығымен қатар тілмар шешендігімен елге мәшһур болған адамдар екен.Бірақ Қазыбек әклерінен үйренгендерімен қанағаттанып қалмай, қайда қадірлі , кәрі құлақты қария бар десе соны іздеп барып тағылым алған.

  Ол Бұхарада оқыған тобықты Әнет бабаның қасына көшіп барып айлап , жылдап ауылдас болған, қазақтың әдет – ғұрыпын , әсіресе шариғат заңын үйренген. Бір жолы Әнет бабадан:

—Баба дүниені не бұзады , адамды не аздырады , күнә неден болады ? –деп сұрапты.

  Сонда Әнет баба біраз ойланып отырып былай деген екен:

  Араб тілінде «хакім», қазақ тілінде «әкім» деген бір сөз бар. Сол сөзді екі рет айтсаң екі -«а» ,екі –«к» , екі –«м» — алты әріп шығады. Осы алты әріп алты сөздің басы: әйел, алтын, кек ,кесір , мақтан, мансап; адам осы алты нәрсеге қызығып дүниені бұзады , ардан да айрылады , күнә да жасайды.

Сұрақ, шағым, арыздар бойынша бізге хабарласыңыз: 
Сілтеме: Адалдық үшін бірге күресетін боламыз!  


 ҰҚСАС ТАҚЫРЫПТАР:

1. Оянбай әлі күнге қазақ жатыр
2. Зынданда не шаһбаздар нақақ жатыр
3. Жайық деген жанды су
4. Бар Құдай, бізге жарық таңыңды атыр
5. Сағынды дін-мұсылман шариғатты

0 пікір