Сағынды дін-мұсылман шариғатты
Сағынды дін-мұсылман шариғатты
23.11.2020 14:47
319
0

Қолына көптен бері тимеген соң, 
Сағынды дін-мұсылман шариғатты. 
Патшаға біз бағынып сұндық мойын, 
Халқына қылса күнде айт пен тойын. 
 

Әр түрлі өнерпаздар шығарса сөз, 
Ашуға тұнып жатқан халықтың ойын. 
Алайық қуанғаннан бастан бөрік, 
Ғылым менен білімге әркім жерік. 
 

Осындай әркім барын көрсетуге 
Тоқтаусыз бостандық боп берілсе ерік. 
Қазағы империяның - асыл затым, 
Өзімді танытады жазған хатым. 
 

Деушіге: "Мынау сөзің жарамайды!" 
"Қайтейінбарым осы, азаматым!" 
Депутат сайланады білімді ерден, 
Талапты шығып жатыр әрбір жерден. 

 Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 

0 пікір