ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ «ТАРИХИ КҮНДЕР ТІЗБЕГІМЕН» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫҚ ІС-ШАРА ӨТУДЕ
ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ «ТАРИХИ КҮНДЕР ТІЗБЕГІМЕН» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫҚ ІС-ШАРА ӨТУДЕ
19.10.2022 18:56
134
0
25 қазан - Республика күніне орай Жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен Шымкент қаласының жоғары оқу орындарының жастары арасында «Тарихи күндер тізбегімен» атты іс-шара басталды.
Аталмыш іс-шараның мақсаты - Шымкент қаласындағы талантты, белсенді әрі дарынды жастардың елдің мәдени және қоғамдық өміріне белсене араластыру, жастар арасында салт-дәстүрлерді дәріптеу, ұлттық және патриоттық сананы қалыптастыру. Еліміздегі түрлі салалардың дамуына үлес қосып жүрген жастарды қолдау, дарындылығымен көзге түсіп жүргендерді ынталандыру.
Айта кету керек, бүгін сайыстың бірінші күні өтті. Ұйымдастырылған шараның талабына сай қатысушылар ұлттық нақыштағы киім кию міндеттелді. Сондай-ақ, жігіттер арасында ұлттық ойыннан сайыс болды. Оған шаһардың 8 жоғары оқу орыны жастары қатысты. Атап айтқанда: қол күрес, асық ату, ләңгі тебуден Қазақстан халықтар достығы университеті, «Мирас» университетi, М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан университетi, "Шымкент" университеті, Жұмабек Ташенов атындағы университет, Орталық Азия Инновациялық Университеттері арасында өзара тартысты сайыс өтті.
Шараның қортынды нәтижесінде жеңімпаз болып танылған жастарға Жастар ресурстық орталығының атынан арнайы диплом және әрбір сайыс бойынша бағалы сыйлықтар табысталды.
Ертең «Тарихи күндер тізбегімен» атты іс-шараның екінші кезеңі өтеді. Онда қыздар арасында ұлттық тағамдар әзірлеуден: бауырсақ пісіру, қамыр жаю, кеспе турау, майсөк әзірлеуден жарысқа түседі.
Ал үшінші күні дәстүрлі өнер бойынша дәстүрлі әндер мен биден жекелей немесе топ болып сайысады. Сонымен бірге қазақ халқының тарихы жайында викториналық сұрақ-жауап жарысы да өтетін болады.
0 пікір