Сарапшылардың бағалауы бойынша Қазақстанның су заңнамасы одан әрі жетілдіруді талап етеді
Сарапшылардың бағалауы бойынша Қазақстанның су заңнамасы одан әрі жетілдіруді талап етеді
09.11.2020 12:39
303
0

  Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 2021 жылы жаңа Су кодексін және «Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі туралы» Заң жобасын әзірлеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев «Қазақстанның су қауіпсіздігі: қазіргі заманғы сын-қатерлер мен оларды шешу перспективалары» тақырыбындағы Сенаттағы үкіметтік сағатта хабарлады.

  «2021 жылға жаңа Су кодексінің және «Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі туралы» Заңның тұжырымдамаларын әзірлеу жоспарлануда», - деді М.Мырзағалиев Үкімет сағатында.

   Оның дерегінше, министрлікте су ресурстарын ұлғайтудың балама жолдарын пайдалану мүмкіндігін, өнеркәсіпте, ауыл және коммуналдық шаруашылықта суды пайдалану тиімділігін арттыруды, сондай-ақ су ресурстарын елдің су тапшы өңірлеріне жіберуді зерттеуге бағытталған ғылыми блок қалыптастырған.

   Сарапшылардың бағалауы бойынша Қазақстанның су заңнамасы одан әрі жетілдіруді талап етеді.

  «Қолданыстағы кодекске он жеті жыл ішінде 62 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (жылына орта есеппен 3 реттен сәл артық).Нәтижесінде құқық қолдану реттілігінің жоғалуы байқалады, бұл су шаруашылығының барлық деңгейлеріндегі жағдайдың нашарлауына әкеледі», - деп атап өтті министр.

   Сондай-ақ, қолданыстағы Кодекс су шаруашылығы құрылыстарын жобалаудың, салудың және пайдаланудың техникалық мәселелерін регламенттемейді.

   «Бұл мәселелер әртүрлі құрылыс нормаларымен, ережелерімен, министрліктер мен ведомстволардың бұйрықтарымен реттеледі, ал ГТҚ қауіпсіздік мәселелері ГТҚ қауіпсіздігі туралы арнайы заңмен регламенттелуі тиіс», - деп есептейді министр.

 

Дереккөз. Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі


Осыған ұқсастар: 
1.  Қазақстанда суармалы жерлердің көлемі үш жыл ішінде 2 млн гектарға дейін ұлғайтылады  
2. Алексей Цой мырза COVID көрсеткішін ойдан шығарып жүр ме? 
3. Негізгі бағыт - өнеркәсіп саласын дамыту
4. Түркістан: 23 жастағы келіншек 6 баланың анасы атанды
5. Түркістан қаласындағы жаңа нысандар биыл толық пайдалануға беріледі

 

0 пікір