Руслан Дәленов Сенатта бизнесті қолдау бойынша бірқатар ұсыныстар айтты
Руслан Дәленов Сенатта бизнесті қолдау бойынша бірқатар ұсыныстар айтты
25.11.2020 15:37
40
0

  ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Сенатта бизнесті қолдау бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.

  "Сіздердің қарауларыңызға "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық Кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы "Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы ұсынылады", - деді Руслан Дәленов Сенаттың жалпы отырысында.

  Оның айтуынша, заң жобасы инвестиция тартуды ынталандыруға, бизнес ортаны дамытуға, салықтық әкімшілендіруді жақсартуға бағытталған.

  "Атап айтқанда, ол келесі негізгі бағыттарды қамтиды.Біріншісі - жеке тұлғаларға салық салуды жақсарту. Салық элементтерін өзгертпестен жеке тұлғалардың мүлік пен жер салығын біріктіру ұсынылады, екі салық бірыңғай төлеммен төленеді. Бұл ретте көппәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелері үшін жер салығын алып тастау ұсынылады. Салық төлеушілерге ыңғайлы болу мақсатында көлік салығын төлеу мерзімін ағымдағы жылғы 31 желтоқсаннан келесі жылғы 1 сәуірге ауыстыру ұсынылады", - деп атап өтті министр.

  Сонымен қатар, заң жобасында инвестициялық салық кредитін енгізу ұсынылады. Кредит КТС және мүлік салығы бойынша 3 жылға беріледі. "Ол процентсіз болады, бірақ шарттар орындалмаған жағдайда өсімпұл есептеледі. Мақта өңдеуге, ашытқы, кондитерлік өнімдер, қант қызылшасынан қант өндіруге есептелген ҚҚС сомасын 70% - ке азайту жөніндегі норманы енгізу ұсынылады. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді, отандық тауар өндірушілер өндірісінің көлемін ұлғайтуды ынталандыратын болады. Экспорт кезінде ҚҚС - ты қайтару рәсімін жеңілдету мақсатында отандық өндірушілер үшін ҚҚС-ты жеңілдетілген қайтаруды қолдану құқығын беру ұсынылады: тексерусіз 50%, тексеруден кейін 50% мөлшерінде", - деп түсіндірді Р. Дәленов.

  Сондай-ақ, заң жобасында көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасының компоненттерін өндіру үшін ҚҚС бойынша жеңілдіктерді тарату; тұрақты әлеуметтік маңызы бар автомобиль тасымалдары бойынша ҚҚС-тан 3 жылға босату; халықаралық су көлігіне жүкті ауыстырып тией отырып, теңіз портына дейін темір жол тасымалдарын тану және оларға ҚҚС-тың нөлдік ставкасын қолдану; радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы ставкасын 5 жылға 10 есеге төмендету ұсынылады.

Дереккөз: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайты

 

Сұрақ, шағым, арыздар бойынша бізге хабарласыңыз: 
Сілтеме: Адалдық үшін бірге күресетін боламыз!  


 ҰҚСАС ТАҚЫРЫПТАР:

1. Сенатта Ұлттық қордан үш жылға кепілдендірілген трансферт туралы заң қабылданды
2. Сенатта суармалы жерлерді пайдаланудың өзекті мәселелерін талқылады
3. Қазақстанда суармалы жерлердің көлемі үш жыл ішінде 2 млн гектарға дейін ұлғайтылады
4. Шымкент: кітапханаларда коворкинг орталықтары ашылады
5. Мемлекеттік бағдарламамен 3700-ден астам адам жеке кәсібін ашты

0 пікір