Қазақстан «Балалар Евровизиясы» ән байқауында екінші орын алды
Қазақстан «Балалар Евровизиясы» ән байқауында екінші орын алды
30.11.2020 12:52
68
0

  

  Биылғы XVIII «Балалар Евровизиясы» ән байқауы мәресіне жетті. Ән конкурсына Қазақстан атынан Forever әнімен жас әнші Қарақат Башанова қатысты.

  Еліміздегі «Балалар Евровизиясы» байқауына ҚР-ның Мәдениет және спорт министрлігі қолдау көрсетті. Байқау финалы «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде өтті.

  Қарақат Башанова сахнаға германиялық Сьюзан Озелоффтан кейін екінші болып шықты.

   Конкурс қорытындысы бойынша Қарақат Башанова 152 балл жинап екінші орын алды. Ал бас жүлде франциялық әншіге бұйырды.

  Айта кетейік, байқау Польша астанасы Варшавада өтті. Дегенмен пандемияға байланысты қатысушылар өз еліндегі студиясында өнер көрсетті. Биылғы байқауда Қазақстан, Германия, Нидерланды, Сербия, Беларусь, Польша, Грузия, Мальта, Ресей, Испания, Украина, Франциядан келген 12 қатысушы бақ сынады.

  Біздің анықтама:
Қазақстан алғаш рет 2018 жылы «Балалар Евровизиясы» ән конкурсына қатысып, Данэлия Төлешова алтыншы орынға ие болған. Өткен жылы Ержан Максим «Арманыңнан қалма» әнімен екінші орыннан (қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші) көрінген еді.

Дереккөз: ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты

 

 

 Сұрақ, шағым, арыздар бойынша бізге хабарласыңыз: 
Сілтеме: Адалдық үшін бірге күресетін боламыз!  

 


 

  ҰҚСАС ТАҚЫРЫПТАР:

 

1. Шымкент: кітапханаларда коворкинг орталықтары ашылады
2. Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновті қабылдады
3. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы көші-қон процесін реттейтін заң жобасы әзірленеді
4. Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңға қол қойды
5. Мемлекеттік бағдарламамен 3700-ден астам адам жеке кәсібін ашты 

 

 

0 пікір