Өзбекстан Қазақстанмен шекарасын жауып жатыр
Өзбекстан Қазақстанмен шекарасын жауып жатыр
14.01.2022 11:53
12
0

Өзбекстан "коронавирустың омикрон штамы жылдам тарап жатқанына байланысты" 15 қаңтардан бастап Қазақстанмен шекарасын уақытша жабады. Бұл туралы өлкенің сыртқы істер министрлігі хабарлады. 

Мекеме мәліметіне қарағанда, бұл шектеулер елге ұшақпен келген шетел азаматтары мен отанына қайтқан өзбекстандықтарға қатысы жоқ. Бұдан бөлек шекарадан дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері, қатты ауырып жатқан немесе қаза болған туыстарына көңіл айтуға бармақ болған азаматтар өте алады.

Сонымен бірге Өзбекстанда тұрақты тұратын қазақстандықтарға да шекара ашық.

Ал қырғыз-өзбек шекарасына шектеулер енгізілмейді. Тек шекарадан өтетін азаматтар 48 сағаттың ішінде тапсырылған ПТР тестінің нәтижесін көрсетуі тиіс.

 

Дереккөз:centralasian.org.


0 пікір