«ASHYQ»-ПЕН АШЫҚ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСПАҚ
«ASHYQ»-ПЕН АШЫҚ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСПАҚ
13.09.2021 17:42
14
0

 

 

         Бүгінде шымкенттік кәсіпкерлер жаппай «|Ашық» жобасына көшкен. Карантин кезінде тиімді саналған жүйе әсіресе ісін тоқыратып алған бизнес өкілдері үшін тиімді дейді мамандар. Бұл өз кезегінде санитарлық талаптардың қадағалануын тексеруге де ыңғайлы. Әр кәсіпкерлік нысанның кіреберісіне QR код жүйесі орнатылған.  Келушілер мобильді қосымшаны алдымен телефонға жүктеп, нөмірі бойынша тіркелуі тиіс. Кейін QR-кодты сканерлеп, ЖСН нөмірін енгізеді. Сол кезде 4 түстің бірі жанады. ПТР тест тапсырмасаңыз және вирус жұқтырмаған болсаңыз - КӨК түс, ПТР тест тапсырып, теріс нәтиже көрсеткен болса - ЖАСЫЛ жанады. Ал науқастармен байланыста болғандарға - САРЫ, коронавирус жұқтырғандарға - ҚЫЗЫЛ түс шығады. Сары мен қызыл түс көрсетсе, сіз фитнес орталықтары, спа салондары, бассейін, сауна мен компьютер клубтарына  кіре алмайсыз.

         Сондай-ақ, қазіргі уақытта қосымшаны Мобильді азаматтар базасыменн және Вакцинация паспорты сервисімен интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілуде.

         Сонымен қатар, пайдаланушылардың жеке деректерінің қауіпсіздігі мақсатында қазіргі уақытта «Ashyq» қосымшасы «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы болып табылатын «Ұлттық ақпараттық технологиялар»АҚ серверлерінде қорғалған контурда орналасқан.

         Сондай-ақ, «Ақпараттандыру туралы» ҚР Заңының 39-бабына сәйкес ақпараттық жүйе тәжірибелік пайдаланудан өткеннен кейін өнеркәсіптік пайдалануға енгізілуі тиіс, ол 1 жылға созылады. Өз кезегінде, осы қосымша ақпараттық жүйенің өмірлік цикліне сәйкес тәжірибелік пайдаланудан өтеді және пилоттық режимде пайдаланылады.

          қатар, үйден пайдаланушының ағымдағы мәртебесін тексеру үшін веб-бет жасалды ashyq.kz. осы бетті толтыру бойынша жұмыс жүргізіледі, онда "Ashyq" мобильді қосымшасының сипаттамасы бар бөлімдер, жиі қойылатын сұрақтар, техникалық қолдау байланыстары болады, сондай-ақ осы бетке сілтеме мобильді қосымшада қолжетімді болады.

 

         «Ashyq» туралы қолжетімді ақпаратпен қамтамасыз ету үшін 1414 Бірыңғай байланыс орталығының базасында пайдаланушыларды техникалық қолдаудың "бірінші" желісі құрылды, "Атамекен" ҰКП бизнес өкілдері үшін 1432 call-орталығы да қолжетімді. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін Telegram мессенджерінде @support_ashyq_bot техникалық қолдау қызметі іске қосылды. Сонымен қатар, қосымша бойынша қол жеткізуге болатын объектілер тізбесі әкімдіктердің және "Атамекен"ӨКП сайттарында орналастырылады.

         «Ашық» қосымшасы азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзбайды. Ол - келушілердің мәртебесін тексереді. «Ашық»  ең алдымен келушілердің өздері үшін қажет.  Себебі, осы жоба бойынша жұмыс істейтін объектіге кіргенде, адамның COVID-пен байланыста болу қаупі азаяды. Сондай-ақ, жобаға қатысушы кәсіпкерлер басқа бизнес субъектілерімен салыстырғанда жұмыс кестесі бойынша жеңілдіктер алады, дейді мамандар.

         Брінші кезекте – қауіпсіздік. Қазір кез келген ауру белгілері бар не белгілері жоқ формада COVID-19 індетімен ауырғандар үй карантинін сақтау бойынша міндеттеме алып, оны қолхатта жеке қолтаңбамен растайды. Дегенмен өзін-өзі оқшалау режимінің бұзылып жататыны да бар. Ауырған, науқас адаммен байланыста болған адамдар қоғамдық орындарға бармайды емес, барады. Солай вирустың таралуына себепші болады. Міне, біз айтып отырған қосымша осындай келушілерді анықтайды. Әрі басқа келушілердің қауіпсіздігін сақтауға көмектеседі. Бұл қалай жүзеге асады?

«Ashyq» мобильді қосымшасы QR-кодты қолдану мен Денсаулық сақтау министрлігінің базасымен интеграция арқылы келушінің статусын анықтауға мүмкіндік береді. Яки оның вирус жұқтырғаны не жұқтырмағанын анықтауға болады. Мәселен, жобаға қатысушы – бизнес субъектісі қолданылып жатқан санитарлық нормалармен (маска, термометрия, бөлмені желдету және т.б.) қоса қосымша бақылау жүргізеді. Келушілер мен персоналдың індетті жұқтырып алу қатері азайғандықтан жоба келешекте бизнес пен халыққа карантиндік шектеулерді оңтайландыруға мүмкіндік береді. Ал мобильді қосымшаны ҚР Цифрлық даму министрлігі және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы бойынша отандық ІТ-компания әзірлеген. Ондағы QR-код бизнес субъектілеріне ғана беріледі. «Ashyq» қосымшасы қауіпсіз қызметке жағдай жасау арқылы, керісінше келешекте карантиндік шектеулерді азайту және азаматтардың жүріп-тұруын оңайлатуға жағдай жасамақ.

         Айта кеткен жөн, кәсіпкерлер де, азаматтар да қосымшаны қолдануға міндеттелмейді. Қаңтар айының ортасынан бастап пилоттық режимде осы қосымшаны елдегі бірнеше фитнес-клуб, спа-орталық, сауна мен ресепшіні бар басқа да нысандар қолдана бастады. Пилотқа қатысу ерікті жүргізіледі.

Қосымшаны қолдану уақытты ала ма? Алдымен нысанға келуші өз телефонына «Ashyq» мобильді қосымшасын жүктеп алуы керек. Телефон нөмірі арқылы авторизация жасап, ЖСН-ін енгізуі керек. Кіре берістегі кіруді тіркеу үшін нысанның QR-кодын сканерлейді. Экранда статусы көк, жасыл, қызыл немесе сары түсте көрінеді. Одан соң шыға берісте нысаннан шығуды тіркеу үшін QR-кодты тағы сканерлейді. Егер келушінің қолында смартфоны болмаса не қосымшаны жүктеуде қиындықтар туындаса, нысандағы жауапты қызметкерге қосымшада арнайы рөл беріледі, қызметкер келушінің ЖСН-і арқылы оның нысанға кіруін тіркей алады. Ал жоғарыда айтып өткен статус түсі нені білдіреді?

         Бүгінде QR-кодтарды қолдану практикасы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері – Гонконг, Сингапур, Малайзияда кең тараған. Басқа елдерде де балама қондырғылар бар. Сонымен қатар телеграмда @support_ashyq_bot техникалық қолдау көрсетуі іске қосылып, таңғы 10.00-ден кешкі 20.00-ге дейін қызмет көрсетуі ашық. Егер қосымша кеңінен таралатын болса, басқа арналарды қосу да қарастырылмақ.

         Ashyq» жобасымен ауру белгілері анықталған немесе үй карантинін бұзғандығы белгілі болған азаматтарды кәсіпкерлік нысандар СЭС мамандарына хабарлау керек. Бірінші кезекте оларға қатысты түсіндіру жұмыстары жургізілсе, талапты екінші мәрте бұзған жағдайда 30 АЕК көлемінде айыппұл салу қарастырылады.
         Қазіргі уақытта Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасында бизнес-қоғамдастықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде және жобаға қатысуға ниет білдірушілердің тізімі қалыптастырылуда. «Ashyq» қосымшасына қатысты барлық сұрақтар бойынша Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгінуге болады.

         Шымкент қаласының теміржол вокзалында 1 шілдеден бастап «Ашық» мобильді қосымшасы енгізілді. Енді пойызға билет алмас бұрын, қосымшаға кіріп статусыңызды тексеріп алған жөн. Жолаушыларды шығарып салушылар мен күтіп алушылар да енді вокзалға тек «Ашық» қосымшасы арқылы кіре алады. Сары және қызыл статустағы азаматтар сапарға жөнелтілмейді. Мәртебесі «қызыл» азаматтарға 87 510 теңге көлемінде айыппұл салынады. Ал «сары» статустағыларға ескерту беріледі.Қаланың Бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, қызыл және сары статустағыларға билеттердің қайтару ережесі бекітілген. Оларға билет құнының 50 пайызы қайтарылады.

          1 тәулік бұрын вокзалға кіруге рұқсаты жоқ екенін білгендер билетін сол сәтте қайтарса, ақшасын толығымен ала алады. Мамандар билетті онлайн алуға кеңес береді. Себебі, кері қайтарған жағдайда ақшаңыз сол сәтте түседі. Ал кассадан билет алғандар ақшасын кері қайтарғысы келсе, біраз күтуіне тура келеді.

         Түйін: Шымкент қаласында 30 тамыз күні КВИ-дің 137 жағдайы тіркелді. 92 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 25 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 050 орын бар. төсек орын толымдығы 56%-ды құрайды, 1333 төсек орын бос.

         Инфекциялық стационарда 1717 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 504 төсек орын бар, 323 науқас ем қабылдауда. Соңғы тәулік ішінде қалада 3002 адам вакцина алды. Егу науқаны басталғалы барлығы 426 837 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 358 809 адам вакцинаның екі компонентін алды. Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ 325 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 3 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ал, ашық қосымшасы – қауіпсіз орта құрып, коронавирусты ары қарай өршітпеуге жол ашпақ.. Дерт жұқтырса да қыдырып жүре беруге бейім халықтың емін-еркін жүруіне шектеу қоймақ.Мамандар карантин талаптарын қатаң сақтап, вакцина салдыруға шақырады. Екпе алып, қалыпты өмірге бірге оралайық!

 

0 пікір